Ақмолалық өрт сөндірушілер Жамбылда жарылыстан қаза тапқандарды еске алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық өрт сөндірушілер бір минут үнсіздікпен Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, биылғы тамыздың 26-да кешкілік уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болып, 14 адам қаза тапты. 98 адам зардап шеккен болатын. Жоғалғандарды іздеу жалғасып жатыр.

Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бар:

Темірболатов Арнұр Серікұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Микропуло Александр Николаевич - жедел кезекші – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары;

Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 1-МӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Айманов Мейіржан Какпосынұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары.

Ақмола облысының азаматтық қорғау гарнизоны қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасады.


Соңғы жаңалықтар