+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ақмолалық оқушылардың 96,2 пайызы желі арқылы оқуына мүмкіндігі бар

2020 жылғы 6 тамыз 14:58
Бөлісіңіз:
Ақмолалық оқушылардың 96,2 пайызы желі арқылы оқуына мүмкіндігі бар

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Алдағы оқу жылына дайындық ретінде облыстағы мектептерде бар 16166 дана компьтер техникасына қосымша тағы 1460 компьютер сатып алынды. Алда тағы 352 компьютер сатып алу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мағжанның «Педагогикасы» түрік тілінде жарық көрді Түлкібас ауданында орта мектептер жаңартылуда Қазақстанның 10 облысында суицидтің алдын алу бойынша әдістемелер енгізілуде

Облыстық білім басқармасының дерегі бойынша, облыстағы барлығы 132 мың оқушының ішінде 2676-нің ноутбук және смартфоны жоқ. Олар оқитын мектептер компьютер, ноутбук және планшетпен қамтамасыз етіледі.

«Барлық мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылды. Білім министрлігінің ұсынымы бойынша оның жартысының жылдамдығы 8 Мбит/сек. Біз «Қазақтелеком АҚ бірлесіп, кеңжолақты интернет желісіне қосылған мектептердің санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Алдағы уақытта жалпы білім беретін 35 мектеп бекітілген нормативке қол жеткізеді. Қашықтан оқыту үшін бүгінгі күні барлық мектептер қол жеткізіп отырған «Bilimland» білім беру платформасы және «Kundelik» ақпараттық жүйесі қолданылады», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Өңірде оқушылардың интернетке жеке қол жеткізу мәселесі шешілді. Оқушылардың 96,2 пайызы желі арқылы білім алуына мүмкіндігі бар. Ал қалғандарына Beeline, Tele 2, Activ-тің мобильді интернет бар флеш-карта ұсынылады. Ол үшін ұялы байланыс операторларынан «Білім» тарифі бар флеш-карта сатып алынуда.

Шалғайдағы, экологиялық жағдайы дұрыс елді-мекендердегі оқушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, штатты режимде оқи береді. Бұл барлық оқушылардың 7 пайызы.

Жалпы, облыста күндіз білім беретін 555 жалпы білім беру мекемесі жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT