Ақмолалық оқушылар Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған онкүндік аясында Ақмола облысының білім беру ұйымдарында мектеп оқушылары, колледж студенттері, ата – аналар қауымдастығының қатысуымен «Ыбырай Алтынсариннің мұрасы-мәңгілікке қазына» атты сыныптан тыс тақырыптық іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта да өтті. Оған 170 мыңнан астам оқушы мен студент, 800 мыңға жуық педагог пен 2300-ге жуық ата-ана қатысты.

«Ұлы жазушыға арналған «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» тақырыбында мектеп оқушылары мен студенттер арасында өткізілген презентациялар байқауын, оқушылар шешендік өнерде және Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп оқуда жарысқан «Сөз құдіреті», «Кел, балалар, оқылық» атты мәнерлеп оқу сайысын ерекше атап өткен жөн.

«Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы», «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы» атты ақпараттық сағаттарын өткізу барысында білім алушылар мен студенттер ұлы ұстаздың еңбектерін талдап және тест тапсырмаларына жауап бере отырып, өздерінің шығармашылық қабілетін көрсете білді», - деді ведомстводан.

Бастауыш сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері «Ыбырай Алтынсариннің балалық шақ әлеміне саяхат» атты саяхат сабақтарын өткізіп, сабақ барысында балаларды ұлы ағартушының өмірімен таныстырды. Шығармалар негізінде суреттер, аппликациялар, композициялар жасалды.

Облыстың білім беру ұйымдарының кітапханашылары жазушының шығармашылық қызметі туралы фото, кітап көрмелерін ұйымдастырып және оқушылармен танымдық викториналар, шығармаларға шолу өткізді. Сондай-ақ слайд - презентациялар, бейнероликтер тиімді пайдаланылды.

Гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері онлайн форматта ата-аналардың қатысуымен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кештер ұйымдастырылды.

Осындай іс-шаралар оқушыларға, студент жастардың ата-аналарына Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының тарихымен жақынырақ танысуға көмектеседі.


Соңғы жаңалықтар