Ақмолалық медбике Флоренс Найтингейл атындағы медальге ие болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасы анестезиология және жансақтау бөлімінің медбике-анестезисті, «Вера в добро» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және теңдесіз жақпа майын ойлап тапқан Татьяна Спиглазова Флоренс Найтингейл атындағы медальге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Қазақстанның есебінде алтыншы, ал Ақмола облысында екінші медаль алған медицина қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында және бейбіт уақытта көрсеткен медициналық көмегі үшін 1973 жылы лайықты марапатқа алғашқы ақмолалық әйел Мария Смирнова (Кухарская) ие болған еді. Енді міне, 50 жылдан кейін Флоренс Найтингейл медалі бар ғұмырын ауыр науқастарға көмектесуге арнап келе жатқан облыстың тағы бір тұрғыны Татьяна Спиглазоваға бұйырып отыр. Бұл жай ғана бос сөз емес. Дәрігерлерден күдерін үзіп, үйіне қайтарылған науқасқа әрдайым Татьяна Спиглазова көмекке келеді. Ол науқастың қайғы-қасіретін жеңілдетіп қана қоймай, оған үміт отын ұялатып, аяққа тұрғызу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

«Мен бала кезімде дәрігер болуды армандадым. Қуыршақтармен ойнап, көршілерімді таңып тастайтын едім. Сол кезден мен дәрігер болып жұмыс істеуге бел будым. Өскенде кім боласын десе, бірден адамдарды емдеймін деп жауап беретінмін. Ал жасөспірім болаған кезде, әкем сырқаттанып қалды. Сол кезде мен барлық ауыр науқастар кездесетін көптеген түйіткілді мәселелерге тап болдым. Әкемнің өмірден өткеніне 20 жылдан астам уақыт болса да, бұл мәселелер әлі де бар», - деп бастады Татьяна.

Медбике болып жұмыс істегенге дейін волонтерлік қызметпен айналысқан ақ халатты абзал жан тек аурухананың қабырғасында ғана емес, одан тыс жерлерде де науқастарға көмектесіп келеді. Әкесімен болған қиындықты еске ала отырып, жансақтау бөлімінде ауыр науқастармен жұмыс істеген Татьяна көптеген науқастардың үйлерінде трахеостомиялық түтікті, асқазан зондын, цистостоманы, қысым жараларын және тағы басқаларды ауыстыру сияқты мәселелерге тап болатынына көз жеткізді.

«Бастапқыда мен не істеу керектігін білмедім. Шамамен 10 жыл бұрын мен мұның бәрін көріп, екінші білім алуға бел будым. Көкшетау жоғары медколледжінде «фармацияны» бітіріп, қысымның жарасын емдеу үшін өзінің жақпа майын ойлап тапты. Тіпті өнертабысқа патент те алды. Бірақ 2016 жылы оны тіркеу үшін 8-10 миллион теңге қажет болды. Әрине, менде мұндай ақша болған жоқ, демеушілерді табу мүмкін емес. Сондықтан 2016 жылдан бастап мен жақпа майымды тіркей алмай келемін. Бірақ та, мен оны үйде жасап, науқастардың қысым жараларын емдеймін», - дейді Татьяна.

Бүгінгі таңда негізгі жұмысынан басқа, ол күн сайын ауыр науқастарға барып көмектесуде. Ауыр хәлде жатқан науқастарға Татьяна тіпті түн ортасында да шақырумен барады. Ауыр науқас адамы бар әрбір отбасы үшін Татьяна үміт отын ұялататын туысқанындай.

«Күннен күнге науқастардың саны артуда. Біздің «Вера в добро» қайырымдылық қоры Көкшетау жоғары медициналық колледжімен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Осындағы студенттер бізге көмектесіп, тәжірибе жинақтауда. Мен оларды ауыр науқастарға бірден жібере алмаймын, бұл көп тәжірибе және үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Тіпті ауыр науқасқа трахеостомиялық түтіктің санациясы мен асқазан зондын дұрыс қоймаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Бірақ балалар тәжірибе жинайды, ауыр науқастарды шомылдыруға көмектеседі», - деп толықтырды Татьяна.


Пандемияның алғашқы толқынында медбикеде шұғыл күтімді қажет ететін 70-тен астам науқасқа көмектесті. Ол түнде үйге келіп, науқастарға жақпа майын дайындады.

«Әрине, хәлі нашарлаған науқастың күйін көзбен көру өте қиын. Алайда, дәрігерлер қайтыс болады деп үйіне жіберген науқасты аяққа тұрғызу мен үшін маңызды. Бұл көп нәрсені талап етеді! Сіз өз жұмысыңызды көргенде және жақпа қандай жараларды емдейді - бұл да көп нәрсені талап етеді! Ол өсімдік тектес, оны Қазақстанның барлық қалаларында, тіпті Ресейде де қолданады», - дейді Татьяна.

Бүгінгі таңда Татьяна Спиглазованың еңбек өтілі 20 жылдан асады. Татьянаның осы аралықта қанша науқасқа көмектескенін санап тізу мүмкін емес.


«Нағыз медбике қандай болуы керек? Бұл үлкен жүрегі бар адам болуы керек. Сіз жұмысқа келгенде, жеке басыңыздың мәселесін ойламауыңыз керек. Сіз өз кәсібіңіздің фанаты болуыңыз керек. Қызыл Жарты Ай қоғамының Ақмола филиалы мені марапаттақа ұсынғанын естідім. Бірақ та, маған Флоренс Найтингейл медалі берілетінін күткен жоқпын. Менің жұмысымды бағалаған Швейцарияға рахмет! Медицина қызметкерлері күні қарсаңында барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!» - деп түйіндеді Татьяна Спиглазова.


Соңғы жаңалықтар