Ақмолалық құсбегі сұңқар салудан Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық құсбегі Ерлан Кенжетаев сұңқар салудан Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Турнир «Бүркітпен аң аулау», «Сұңқармен аң аулау» және «Қаршығамен аң аулау» сияқты үш кезеңнен тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар кентінде өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген құсбегілер қатысты.

«Турнирде «Бүркітпен аң аулау», «Сұңқармен аң аулау» және «Қаршығамен аң аулау» сияқты үш кезең болды. Жарыстың алғашқы күні құсбегілер бүркіт, сұңқар және қаршығаны қолға қондырса, екінші күні аң және құс аулап, өзара бақ сынасты. Олардың арасында жерлесіміз, Ақмола облыстық Балуан Шолақ атындағы балалар мен жасөспірімдердің ұлттық спорт түрлері бойынша спорт мектебінің жаттықтырушысы Ерлан Кенжебаев сұңқармен аң аулаудан күміс жүлдегер атанды», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.


Соңғы жаңалықтар