Ақмолалық кәсіпорын ауруханаларды минералды сумен қамтамасыз етіп отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «Asia Waters» АҚ кіретін Ақмола облысындағы «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорыны 24/7 режимінде пандемиямен күресіп жатқан Қазақстандағы медициналық мекемелер мен дәрігерлерді табиғи TURAN суымен қаматамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, компания өткен аптада өз өнімін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ауруханаларына тегін жеткізіп берді. Бүгін Ақмола облысы мен Көкшетау қаласындағы көпбейінді ауруханада карантинде жатқан науқастар мен дәрігерлерге 1250 литр су жөнелтуде.

«Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Станислав Максимецтің сөзінше, зауыт осы уақытқа дейін 7 мың тоннадан астам су жөнелткен.

«Бүгінгі күні дәрігерлер біздің денсаулығымыз үшін экстремалды жағдайда жұмыс істеуде. Оларға қиын істе көмектескіміз келеді. Табиғи TURAN суының жаһандық пандемиямен күрсеуге үлеседі тиеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті Станислав Максимец.

Табиғи судың құрамында адам үшін қажеттті минералдар мен пайдалы тірі бактериялар бар. Оның сапасы мен құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Ресейдің А.Н.Сысина атындағы адам экологиясы және қоршаған орта гигенасы ҒЗИ, сондай-ақ, Украина және Германия елдерінің ғалымдары зерттеген.

«Көкшетау минералды сулары» АҚ 25 жылда сусын шығаруда индустрия көшбасындағы, әлеуметтік-жауапкершілік бағытындағы ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Кәсіпорын жылына 52,6 миллион шөлмек немесе 35,3 миллион литр сусын шығарады.



Соңғы жаңалықтар