Ақмоладағы жол апаты: Екі полицейді көлігімен қағып өлтірген жүргізуші мас болған

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Щучьеде екі полицейді қағып өлтірген жүргізуші мас болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Химия-токсикологиялық сараптаманың қорытындысына сенсек, полицейлердің қызмет көлігін барып соққан Lexus автомобилін тізгіндеген жүргізуші орта дәрежеде мас болған. Осыған байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөліміне (көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның мас күйде көлік айдап, екі және одан көп адамның өліміне себепші болуы) ауыстырылды.

Айта кетейік, көлікте оның жанында тағы екі адам болған. Олар да мас.

Барлығы жол апатынан дене жарақатын алған, қазір ауруханада жатыр.

Еске сала кетейік, кеше, 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты. Lexus NX20 машинасы қызмет бабында жүрген учаскелік полицейлердің Lada-21214 көлігін үлкен жылдамдықпен келіп соққан.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мерт болған полицейлердің отбасына көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар