Ақмолада жүк көлігіне тиелген 24 мың литр спирт тәркіленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жүк көлігіне тиелген 23,9 мың литр спирт тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында жергілікті шаруашылық учаскесінің аумағындағы қоймада жүк көлігіне тиелген 24 пластик ыдысқа құйылған жалпы мөлшері 23 936 литр спирт тәркіленді. Келген шығын көлемі - шамамен 20 миллион теңге», - деді Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, осы жағдайға байланысты облыстық экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

Айта кетсек, бұған дейін Көкшетауда есірткі жасырумен айналысқан қызылордалық ұсталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар