Ақмолада «Үздік бастауыш ұйым» байқауының облыстық кезеңіндегі жеңімпаздар марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен партия активінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында күн тәртібіне сай Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 25 қарашада «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен мәжілісте жүктелген тапсырмаларды түсіндіру жолдары талқыланды.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өз сөзінде, партия төрағасы, Елбасы партия мүшелеріне бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді.

Басты міндеттердің қатарында, әрбір әкім мен мәслихат депутаттары фракциясының партиялық жауапкершілігін арттыру, бөлінетін қаржыны партиялық бақылау, еліміздің өңірлерінде партия мен партия органдарының рөлін арттыру бар.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мəслихат депутаты Ғалым Бекмағамбетов, Ақмола облыстық мəслихатының хатшысы Əлібек Баймағамбетов, партияның Есіл аудандық филиалының төрағасы, Есіл ауданының əкімі Серік Балжанов, партияның Қорғалжын аудандық филиалының төрағасы, Қорғалжын ауданының əкімі Берік Жанбаев, «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мəслихаттың депутаты, «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ бас директоры Сергей Кистин, Астрахан аудандық мəслихаты «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің бюро мүшесі, «Тасумар +» серіктестігінің директоры Анатолий Мальков, «Шұғыла» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, Көкшетау қалалық мəслихатының депутаты Мəди Елубаев атқарылған жұмыстары туралы айтып берді.

Жиын соңында аймақ басшысы партия қатарына жаңа мүшелерін қабылдап, партия билеттерін тапсырды, сондай-ақ, «Үздік бастауыш ұйым» респубикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Оның ішінде 1-орынды (үш орын) Целиноград ауданындағы «Қазына SR» ЖШС, Есіл ауданындағы «Заречный» БПҰ және Степногорск қаласындағы «Қазақалтын» БПҰ иеленсе, 2-орынға (екі орын) Шортанды ауданындағы «№9 Институт сайлау округі» және Біржан сал ауданындағы «№11 Степняк сайлау округі» лайық деп танылды. Ал 3-орын (екі орын) – Бурабай ауданындағы «Балдәурен» БПҰ мен Зеренді ауданындағы «№6 Садовский сайлау округіне» бұйырды.

Соңғы жаңалықтар