Ақмолада қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан волонтерлер марапатталды

None
None
РОДИНА. ҚазАқпарат – Қоғамдық тәртіпті сақтауға өзіндік үлес қосқан ауылдық волонтерлер ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың марапатына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Ақмола облысына қарасты Родина ауылындағы заманауи жабдықталған полиция бекетінің жұмысы таныстырылды.

Шара барысында министр ауылдың қоғамдық жұмысына белсене қатысып, қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосқан жергілікті волонтерлерге алғыс хат табыс етті.


«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы биылғы жылды волонтерлер жылы деп бекітті. Полицейлердің жұмысында волонтерлердің алатын орны ерекше. Айтар болсақ, қыстыгүні қар қалың жауып, жолаушылар жолда қалғанда, көктемгі су тасқыны кезінде, сондай-ақ, карантин кезінде блокпоста волонтерлердің еңбегі ерен болды. Волонтерлер қоғамдық тәртіпті орнату мен бұзбау бағытындағы игі істерін одан әрі жалғастырады деген ойдамыз. Бұл ауылда 60 волонтер бар екен, бүгін соларға алғысымызды жеткізбекшіміз», - деді Е. Тұрғымбаев.


Ішкі істер министрінің айтуынша, қоғамдық тәртіпті сақтауға әрбір азамат үлес қосуы тиіс.

«Біздің ауылда Кеңес үкіметі заманынан келе жатырған кезекшілік деген түсінік бар. Ол дегеніміз ауыл белсенділері түнгі рейдте шығып, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бақылайды. Сол дәстүр бүгінге жетіп отыр, яғни волонтерлер түнгі рейдке шығамыз. Мақсат – ауыл ішінде тәртіптің бұзылуына жол бермеу және қадағалау. Және түнгі рейдтен кейін ертеңінен міндетті түрде атқарылған жұмыс бойынша есеп береміз», - дейді «Родина» ауылдық мәдениет үйінің директоры, волонтер Тимур Айдарғазынов.


Соңғы жаңалықтар