Ақмолада кейбір дүкен-базарлар карантинге қарамастан демалыс күні жұмыс істеген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мониторинг тобы кәсіпкерлер тарапынан карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша рейд жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Көкшетау қаласының бірқатар сауда үйлеріне тексеріс жүргізілді.
Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында тыйым салынғанына қарамастан демалыс күндері «Орталық базар» сауда орталығы, «Мечта» сауда үйі, «Рубин» сауда үйінің бөлімдері жұмысы істеген.
«РИО» сауда ойын-сауық орталығында кей бөлімдердің сатушылары маска режимін бұзып, тұтынушыларға қызмет көрсеткені анықталды.
«КВИ жұқтырудың айтарлықтай бөлігі аумағы 2000 шаршы метрден асатын ірі сауда объектілеріне тиесілі. Сондықтан олар үшін демалыс күндері локдаун жарияланды. Олар өз қызметін тоқтата тұруға міндетті. Көкшетауда жексенбі күні жүргізілген мониторинг барысында тағы бірнеше заң бұзушылық анықталды. Демалыс күні «Мега Планета» дүкені жұмыс істеді. Ал облыс орталығының «Светофор» дүкенінде кассада әлеуметтік қашықтық сақталмады» деді ведомстводан.
- Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды
- Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті
- Оралда тұрғын үй өртеніп, 2 газ баллоны жарылды
- Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам эвакуацияланды
-
Сауатсыз емеспін: Әдеп кеңесіне келген ақтөбелік шенеунік өз ісін түсіндірді
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың сервистеріне жасалатын шабуыл 3,5 есе артқан
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам