Ақмолада инвестор мен ауыл тұрғындары арасындағы дау: Әкім түсінік берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаров өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның биылғы он айдағы әлеуметтік - экономикалық даму нәтижесі жөнінде брифинг өткізді. Брифингте аудан әкімі Есіл ауылында инвестор мен ауыл тұрғындарының арасындағы дау туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Есіл ауылының тұрғындары «Имран-Агро» ЖШС инвесторының мәселесін көтерген болатын. Аудан әкімдігі ауыл тұрғындарымен қыркүйек айында 9 кездесу өткізді, сондай-ақ, қазан айында үш рет азаматтарды қабылдады. Әр кездесуде тұрғындарға («Алби-Агро» холдингіне кіретін «Ишим-Астық» ЖШС бұрынғы үлескерлері) «Ишим-Астық» ЖШС «Цесна банк» АҚ несие алғаны және оны уақытылы төлей алмай, орнына кепілде тұрған жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы техникасы, ауыл шаруашылығы жерлері алынғандығы түсіндірілді», - деді Бауыржан Малғаждаров.

Аудан әкімі атап өткендей, аталмыш мүліктерді «Проблемалық несиелер қоры» АҚ беру кезінде ЖШС үлескерлері жер пайынан айырылған.

Ірі агрохолдингтерді сауықтырудың қаржылық бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың наурызында «Ишим Астық» ЖШС, «Имран-Агро» ЖШС мен «Проблемалық несиелер қоры» АҚ арасында жасалған бірлескен шаруашалық қызметі консорциалды келісімшарты негізінде аталмыш шаруашылыққа «Имран-Агро» ЖШС келді.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ауылдың әлеуметтік өміріне қатысу үшін ауыл әкімдігі мен инвестор арасында меморандумға қол қойылды. Осы меморандумға сәйкес ЖШС наубайхананың үздіксіз жұмыс істеуін, су тасымалдауды, өз құқығынан айырылған бұрынғы үлескерлерді мал азығымен қамтамасыз ету, қарт адамдарға көмектесу міндеті сияқты өзге де әлеуметтік мәселелерді өз мойындарына алды. Аталмыш меморандум бірінші кезекте тұрғындардың мүддесін қорғайтын болады», - деп толықтырды Бауыржан Малғаждаров.

Дегенмен, аудан әкімі түсіндіргендей, кейбір тұрғындар мұны түсінгілері келмейді, жаңа инвесторға ұсыныстарын айтпайды, жасалып жатқан игі істерді аз көретін көрінеді.

Еске сала кетейік, жақында Жақсы ауданының Есіл ауылындағы «Имран-Агро» ЖШС тиеслі і 200 тонна шөп өртенген болатын. Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.


Соңғы жаңалықтар