+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ақмолада ЭЦҚ пайдалану арқылы бюджет қаражаты ұрланған

2020 жылғы 20 мамыр 21:18
Бөлісіңіз:
Ақмолада ЭЦҚ пайдалану арқылы бюджет қаражаты ұрланған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында басшысының ЭЦҚ пайдаланған бухгалтер бюджет қаражатын ұрлаған. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде онлайн режимде өткен мәжілісте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеу шарасы барысында Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы мекемелердің бірінің бухгалтері басшысының электронды-цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды. Ол өзінің карточкасының есеп-шотына жалақысы және ілеспе табыс түріндегі ақшалай қаражат, жалпы сомасы 979 499 теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған. Қылмыстық қудалау органы қабылдаған түпкілікті шаралардың нәтижесінде ұрланған қаржы мемлекет кірісіне өтелді. Осы қылмысы үшін сот бухгалтерді 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына кесті», - дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, онлайн мәжілісте ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі ұсыныстар талқыланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT