+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақмолада домбыра күніне орай байқаулар мен челлендждер ұйымдастырылды

2021 жылғы 4 шілде 22:24
Бөлісіңіз:
Ақмолада домбыра күніне орай байқаулар мен челлендждер ұйымдастырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында тұңғыш рет Әдебиет және өнер музейі қорындағы танымал тұлғалардың домбыраларынан құралған «Бабамнан қалған мұра сен болмасаң...» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысының диқандары егін орағын 80 пайыздан асырды

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, көрме музей қорындағы Сұлтан Жалмұқанұлы, Көкен Шәкеев, Сәкен Жүнісов, Жұмағали Саин, Кәрім Ілиястегі, Естай Мырзахметов, Мәлік Ғабдуллин тәрізді танымал тұлғалардың домбыраларын көпшілік қауымға таныстыру, бабамыздан мұра болып қалған музыкалық аспаптың құндылығын жас буынның бойына сіңіру, қазақ халқының төл өнеріне деген қызығушылығын ояту; халықты мәдени ошақтарға тарта отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру жастарды бос уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландырып, шығармашылық жолға тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Көрменің ашылуы барысында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысы Айгүл Сәбитова, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев құттықтау сөздерінде ұлттық өнерді, салт-дәстүрлерді ұлытқау, рухани құндылықтарды сақтау, арттыру, насихаттау маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Ұлтымыздың ұлы мұрасы Ұлттық домбыра күніне орай Біржанның салдың әнін, Ақан серінің сәнін жалғаған, Үкілі Ыбырайдың үкісін таққан, Балуан Шолақтың үмітін жаққан, Иманжүсіптің қаралдысын, Құлтума мен Ғазиздің жоралғысын сақтаған Ақмола өңірінің өнерпаздары өнер челенджін бастады.

«Домбыра - әншінің қолқанаты, сал-серінің салтанаты, жыршының жарағы, күйшінің пырағы. Домбыраның сағағынан өріліп, шанағынан төгілген ән мен күйдің құдіреті ұлттық болмысымызды сақтап, елдік мерейімізді асқақтата берсін», - деді мұражай қызметкерлері.

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының мәліметінше, челендж Есілді бойлатып ән атасы-Сегіз сері, Нияз сері туған Қызылжар өңіріне, Ертісті бойлатып Естай мен Иса, Жарылғапберді ізі сайраған Баянауыл өңіріне және Әсет пен Кемпірбай, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, Мәдениет Ешекеев пен Тұрсынғазы Рахимовтардың үні қалған Семей өңіріне, әрі қарай Нұраны бойлатып Тайжан ақынның, Қали Байжанов пен Жүсіпбек Елебековтың дәстүрін дәріптеген Қарағанды, Жаңарқа өңіріне жолданады.

Еске сала кетсек, «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалінің «Қазақстанның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ұлттық Домбыра күніне орай Степногор қаласында аймақтық «Арқаның ән дариясы» дәстүрлі әншілер байқауы өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT