Ақмолада 100 адамның басын қосып, үйлену тойын жасағандар айыппұл төлейді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мониторингтік топтар карантиндік талаптардың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 13-де сағат 20:00 кейін Көкшетау қаласында «Оразбаев И.М» ЖК-нің «7 жұма» дәмханасының «Камин» лаундж-бары, «Doblegroup» ЖШС-нің «Мята» лаундж-бары, сондай-ақ «Шаймұрат» ЖК-нің «Зевс» компьютерлік клубы жұмыс істеді.

Біржан сал ауданында «Бекенов» ЖК-нің «Самал» дүкенінде және «Фельдшеров» ЖК-нің ксерокөшірме бөлімінде маска режимі сақталмағаны анықталды.

Целиноград ауданының Жалғызқұдық ауылындағы «Жан Баян» дәмханасында карантин шектеулеріне қарамастан сенбі күні 100 адамның қатысуымен үйлену тойы өткізілді.

Атбасар қаласындағы «Сәлем» және «Бурабай» дәмханалары сенбі және жексенбі күндері сағат 20:00-ден кейін жұмыс істеді.

Дәл осындай жағдай 14 ақпанда Сандықтау ауданында да тіркелді. Онда «Мажор» дәмханасы шектеу шараларын бұзды

«Демалыс күндері (13 ақпаннан 14 ақпанға дейін) мониторингтік топтар 73 рейд жүргізді, мониторингпен 360 нысан қамтылды», - деп атап өтті ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар