Ақмола жастары Түркістанның киелі жерлерін аралауда

None
None
КӨКШЕТАУ-ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «TÁÝELSIZ JASTAR KERÝENI» жобасы аясында Ақмола облысының жастарына, соның ішінде белсенділер, еріктілер мен түрлі мекемелердің қызметкерлеріне түркітілдес әлемнің ең танымал мәдени-тарихи және Киелі орталықтарының бірі - Түркістан қаласына сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Экскурсия киелі орындарды, қаланың көрікті жерлерін аралаудан, жаңа сәулет нысандарын шолудан, «Жұлдызды кеш» таланттар шеруін, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне экскурсиядан тұратын толық бағдарламаны қамтиды.

«Қазақстанның қуаң даласының ортасында орналасқан Түркістан қаласы-туризм саласы тарихының нағыз сыйы. Мен киелі орындарға барған кезде жоба қатысушылары өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алатынына, басқа қалалардағы әріптестерімен сөйлесетініне, сондай-ақ көптеген жағымды эмоцияларға ие болатынына сенімдімін. Біз осы қасиетті орынға бару мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз», – деді Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

Бұл Ақмола облысының жастары үшін Тәуелсіздік мерейтойында жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың бірі болып табылады.


Соңғы жаңалықтар