Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ақмола облысында 7 наурыз күні сағат 20:30-да қар жауып, бұрқасындатып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты «Щучинск-Зеренді» автожолының 0-80 шақырымы, атап айтқанда Щучинск қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы жол бөлігі барлық көліктер үшін жабылды.

Сондай-ақ сағат 21:30-да «Қостанай-Әулиекөл-Сұраған» автожолының 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұраған ауылының аралығы, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 440-552 шақырымы, Державинск қаласы мен Сұраған ауылының аралығында, «Жақсы-Есіл-Бұзлық» атожолының 70-82 шақырымы, Аксай-Бұзлық ауылдарының аралығында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.

Қостанай облысына 7 наурыз күні сағат 21:45-те жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрган» автожолының 108-232 шақырымы, Әулиекөл ауылы мен Ақмола облысының шекарасы арасындағы жол бөлігімен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар