+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақмола полицейлері боранмен арпалысқан екі күннің қорытындысын шығарды

2019 жылғы 8 желтоқсан 17:23
Бөлісіңіз:
Ақмола полицейлері боранмен арпалысқан екі күннің қорытындысын шығарды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері табиғаттың тосынсыйымен арпалысқан екі күннің қорытындысын шығарды.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында жолда қалған 322 адам құтқарылды Ерейментау ауданында тұрып қалған 114 көлік қар құрсауынан шығарылды Ақмола облысында «Щучье-Зеренді» тасжолы ашылды

Ауа райының жайсыздығы салдарынан болған жол-көлік оқиғасынан 3 адам зардап шегіп, 4 көлік зақымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, алдына алу шаралары дер кезінде жүргізілуінің арқасында ірі жол апаттарына жол берілмеді. Тәртіп сақшылары және құтқару қызметінің күштері қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушыларға уақтылы көмек көрсетіп, эвакуациялады.

«Екі күн бойы, 6-7 желтоқсан аралығында облыс аумағындағы жолдарда жағдай күрделі болды. Барлық бағыттардағы автомобиль жолдары уақытша жабылды. Өңір полицейлері жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеді. Республикалық және облыстық бағыттағы жолдарды бақылайтын 23 патрульге қосымша тағы 5 патруль енгізілді. Жолдардың елді-мекендерге кіре беріс тұсында блок бекеттері орналастырылды. Барлық жүргізушілерге қауіпсіздік туралы кеңес берілді. Осындай шаралардың нәтижесінде қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушыларға уақтылы көмек көрсетілді», - дейді ведомстводан.

Мәселен, желтоқсанның 6-да Қорғалжын ауданының аумағында полиция капитаны Олжас Дәулетов пен полиция сержанты Әсет Ғаббасов істен шыққан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, астана тұрғынын құтқарды. Белгілі болғандай, түнгі сағат 23:30 шамасында полицияға автожолдың бойында сынған көлік тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция экипажы жолда қалған астаналықтарды Қорғалжын кентіне жеткізді.

«Нұр-Сұлтан - Павлодар» тасжолында да жағдай күрделі болды. Жиырма көліктің қатысуымен кептеліс болды. Мұнда бірнеше сағаттың ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысын ретке келтіріп, көліктерді патрульдік полиция экипажы діттеген жеріне де дейін шығарып салды. Осының арқасында жол апатына жол берілмеді», - деп толықтырды ведомство өкілдері.

ПД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, боран болған екі күн ішінде орын алған жол-көлік оқиғасынан 3 адам зардап шегіп, 4 көлік зақымданды.

«Қазіргі кезде табиғаттың «мінезі» қалпына келіп, жағдай тұрақталды. Республикалық және облыстық бағыттағы автомобиль жолдары патрульдік полиция экипажының бақылауында «, - деп түйіндеді полицейлер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT