Ақмола облысының Жақсы ауданына жаңа әкім келді

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жақсы ауданында жұмыс сапарымен болып, аудан активіне ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы негізінде өз өкімімен тағайындаған жаңа әкім Алмагүл Қадралинамен таныстырды. Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмагүл Аманжолқызы Қадралина 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.

1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін агрономия мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003 жылы Қарағанды экономикалық университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы прокуратура маманы болып бастады, 2004-2008 жылдар аралығында Ақмола облысы жер ресурстары комитеті басқармасының жерлерді пайдалану және қорғау бөлімінде маман болып жұмыс істеді.

2008 жылдың наурыз айынан бастап, бір жыл бойы өңіраралық жер инспекциясында Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласы бойынша заң бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2009 - 2011 жылдары аралығында өңіраралық жер инспекциясының Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласы бойынша жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы болды, кейін онда басшының орынбасары болып тағайындалса, одан әрі Ақмола облысында аумақтық жер инспекциясының басшысы қызметін атқарды.

Сонымен бірге, оның еңбек жолында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, жер қатынастары басқармасында басшының орынбасары секілді қызметтер бар.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысының жер қатынастары басқармасында басшысы лауазымында болды.

Айта кетсек, осыған дейін Жақсы ауданында әкім болған Бауыржан Мәлғаждаров Шортанды ауданының әкім лауазымына тағайындалған еді.



Соңғы жаңалықтар