Ақмола облысының «Үздік мемлекеттік қызметшісі» анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Үздік мемлекеттік қызметші – 2021» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау шарты бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметтегі өз жұмысы, отбасы, қызығушылықтары, өмірлік құндылықтары мен кәсіби қасиеттері туралы бейнепрезентация дайындады. Сондай-ақ, қатысушылар түрлі шығармашылық жанрларда өздерін көрсете білген шығармашылық байқауда бақ сынасты. Байқаудың тағы бір шарты эссе жазу болды.

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыру – бақылау секторының бас маманы Айтолқын Болатқызы «Үздік мемлекеттік қызметші - 2021» байқауының жеңімпазы болып танылды.

«Үздік презентация» аталымында Атбасар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Гүлдан Байкенова, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясында Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Назира Шпанова, «Тәуелсіздік - мен үшін» тақырыбындағы үздік эссе» аталымында Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Айжан Нөкербекова марапатталды.

Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруде ерекше маңызға ие, неғұрлым бастамашыл және талантты мемлекеттік қызметшілерді анықтауға және көтермелеуге ықпал етеді.


Соңғы жаңалықтар