+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Ақмола облысының туристік аймақтарына кіре берісте санитарлық бекеттер орнатылады

2021 жылғы 8 шілде 13:46
Бөлісіңіз:
Ақмола облысының туристік аймақтарына кіре берісте санитарлық бекеттер орнатылады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Ashyq» жобасының арқасында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларынан келген «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдардың нысандарға кіруге әрекеттерін анықтау жұмыстары жалғасуда. Әсіресе, жазда аймақтың демалыс орындары туристер үшін тартымды. Сондықтан, туристік аймақтарға кіре берісте санитарлық бекеттер орнатылмақшы. Бұл туралы журналистермен брифинг өткізген облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім еттті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық оқушылар Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеуде Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды СҚО-да мониторингтік топтар мыңнан астам нысанды тексеріп, 20 адамды жазалады

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Ashyq» жобасы бойынша облыста 589 нысан жұмыс істейді, жобаға қатысуға барлығы 680 өтінім берілді. Бұл ретте QR-кодтар бойынша ең көп келушісі бар 16 ұйым анықталды. Сонымен бірге, QR-код бойынша келушілердің саны нөлдік 20 қатысушы Ashyq жобасынан екі аптаға шығарылды. Бұл келушілерді үш күннен артық тексермеген нысандар.

«Ashyq» қосымшасы бойынша өңірде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзудың 140 жағдайы анықталды, оның ішінде «қызыл» мәртебесі бар 51 адам және «сары» мәртебесі бар 89 адам.

«Қызыл» мәртебесі бойынша бес тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір жеке тұлғаға 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған тәртіп бұзушылардың үй карантині мерзімі әлі аяқталған жоқ, оқшаулау аяқталғаннан кейін оларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады. Ал елорда тұрғындарына қатысты тұрғылықты жері бойынша шаралар қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне материалдар жіберілді.

Ақмола облысында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларының «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар тұрғындары нысандарға өтуге тырысқан жағдайлар анықталуда. Мұндай оқиғалардың ең көп саны Көкшетау мен Бурабай ауданында тіркелген.

«Бізде туристік нысандар бойынша қатаңдату бөлігінде қаулыға өзгерістер енгізіледі, санитарлық бекеттер орнатылады және термометрия мен сауалнама өткізу режимі болады. Сондай-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар тұлғалар туристік аймақтардың аумағына кірмеуі үшін «Ashyq» жобасы бойынша әрбір кірушінің мәртебесін тексеру жоспарлануда», - деп атап өтті өңірдің бас санитарлық дәрігері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT