Ақмола облысының музейі жаңа жобаларды жүзеге асыруда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысындағы 11 мұржайда 1 595 экскурсия, 439 лекция, 238 көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ, 936 мұражай заттары зерттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының мәліметінше, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен жалпы сомасы 710,4 миллион теңге бөлініп, Красный Яр кентіндегі «Көкше» МҮ күрделі жөндеуден өткізілген, ал Шортанды және Атбасар аудандарында жастар демалыс орталықтары салынған. Бұл үш жоба аясында атқарылған құрылыс жұмыстарына барлығы 194 адам уақытша жұмысқа тұрған.

Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 38 жоба бекітіліп, шалғай ауылдардағы мәдени нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жобалар аясында барлығы 460 адам жұмыспен қамтылып, оның 232-сіне жұмыспен қамту мекемелері арқылы жұмыс берілген.

Жалпы, жыл басынан бері өңірдің мәдениет саласына барлығы 26 жас маман келген, оның 9-ы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауыл клубтарына жұмысқа тұрған.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері басқарма жетекшілігімен өңірдің мәдени, рухани өміріне әсер етерлік ауқымды жұмыстар атқарылған.

Биылғы жылы өңірде тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында қолға алынған жобалардың бірі Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек ханның кесенесін зерттеу және қалыпқа келтіру жұмыстары.

Өңірде сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен 4 базалық жоба қолға алынуда. Бұл мақсатта белгілі тұлғалар құрметіне қойылған ескерткіштер мен мазарларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Жыл басынан бері облыстағы 11 мұржайда 1 595 экскурсия, 439 лекция, 238 көрме ұйымдастырылды, 936 мұражай заттары алынып, зерттеу жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар