Ақмола облысының Біржан сал ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі ауысты. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісіміне сай және аудандық мәслихат депутаттарының толық қолдауымен, Біржан сал ауданы әкімі лауазымына Достанбек Есжанов тағайындалды», - делінген жазбада.

Айта кетейік, Достанбек Берікұлы 1982 жылы 17 наурызда Ақмола облысының Есіл қаласында туған. Білімі жоғары. 2005 жылы Астана қаласындағы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2006-2007 жылдары Есіл ауданы əкімі аппаратының бас маманы, 2007 жылы Астана қаласындағы «Цеснаастық» концерні серіктестігінің заңгері болып қызмет атқарған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Есіл ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыру кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2012-2016 жылдары Есіл ауданы əкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет істеді.

2016-2018 жылдары Есіл ауданы əкімінің орынбасары болды. 2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың сəуіріне дейін Ақмола облысы əкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бурабай ауданы əкімінің орынбасары болып қызмет істеді.


Соңғы жаңалықтар