Ақмола облысының бірқатар кәсіпорындары қызметкерлерін вакциналауды аяқтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы көптеген ұйымдар қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды аяқтады. Бүгінде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының 17681 қызметкері егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар мен туризм нысандары шоғырланған Зеренді ауданында кейбір мекемелерде вакцинациямен 100 пайыз қамтуға қол жеткізілді. «Берекет 2025» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС, ЖК «Попов» ЖШС, «Агро Фирма Қараөзек» ЖШС, «Бәйтерек НП» ЖШС және тағы басқа кәсіпоры басшылары қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасап, өндірісте вакцинациялауды ұйымдастырды және енді толық циклде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Аудандық аурухана дәрігерлерінің мобильді бригадасын тарта отырып, «Алтынтау Көкшетау» АҚ алтын өндіру фабрикасының медициналық пунктінде вакцина алған қызметкерлер белгілі бір уақыт ішінде дәрігерлердің бақылауында болуы үшін қолайлы жағдай жасалған егу орталығы ұйымдастырылды.

«Коронавирустық инфекцияның организм үшін қаупі жоғары. Мен басшы ретінде өз денсаулығыма және жақындарым мен әріптестерімнің әл-ауқатына қамқорлық жасауым керек. Вакцинацияның өндірістен қол үзбей өтуі өте ыңғайлы. Вакцинаны бірінші болып салдырдым, өзімді өте жақсы сезінемін», – деді кәсіпорынның бас инженері Еркебұлан Қуандықов.

М. Ғабдуллин атындағы отбасылық-сауықтыру кешенінің директоры Қадиша Жапарова да осындай пікірде.

«Бұл біздің әріптестеріміздің ұжымдық иммунитетті құру, ең алдымен, қызметкерлердің өздері мен олардың отбасыларының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін жақсы түсінетіндігін көрсетеді. Бұл сонымен қатар, вакцинацияланған қызметкерлердің зауыттағы әріптестерінің денсаулығына қамқорлық жасайтындығын көрсетеді. Біздің ұжымның жоғары жауапкершілігі мен азаматтық санасының арқасында клиенттеріміз үшін штаттық режимде жұмыс істеу мүмкіндігін алып отырмыз», - деп атап өтті мекеме басшысы.

Мобильді бригадалардың тек кәсіпорындарға ғана емес, шалғай ауылдарға шығуын ұйымдастырумен жергілікті әкімдіктің қызметкерлері дәрігерлермен бірлесіп айналысады. Олардың айтуынша, бұл халықты қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

«Шынында да, халыққа ыңғайлы болу үшін сегіз егу пунктінің кез келгенінде ғана емес, жұмыс орнынан шықпай-ақ вакцина алу қарастырылған кәсіпорынның өтінімі бойынша медицина қызметкерлері сонда да келеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін жылжымалы медициналық кешен елді мекендерге қатынайды», - деді аудан әкімінің орынбасары Райхан Ғабдуллина.

Айта кетейік, облыста ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап бірінші компонент 61,8 пайыз, екінші компонент – 49,3 пайыз егілді.


Соңғы жаңалықтар