Ақмола облысының 3 ауданына шектеу енгізіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 3 сәуірден бастап Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандарына шектеу енгізіледі. Бұл туралы облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының мәліметінше, 17 жағдай санитарлық қызметтер Нұр-Сұлтан қаласы бойынша COVID-19 жүргізген эпидемиологиялық зерттеу кезінде тіркеді. Ал, 2 жағдай науқастардың өздері медициналық көмекке жүгінген кезінде анықталды. Облыс бойынша COVID-19 Целиноград ауданында -14, Аршалы ауданында-3, Көкшетау қаласында - 1, Шортанды ауданында -1 жағдай тіркелді.

«Қазіргі кезде эпидемиологияға қарсы кешенді шаралар жүргізілді, науқастармен жақын және байланыста болуы мүмкін адамдары, жұмысы мен үйінің мекенжайы анықталды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделінуіне байланысты Ақмола облысында карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шығарылды. 3 сәуір кешкі сағат 19:00 бастап Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандары аумағына кіріп шығуға шектеу қойылады. Аталмыш аудандар мен Көкшетау қаласы шекараларында блокпостар қойылады. Кіріп шығуға шектеледі, азаматтар мен көліктердің тізімі Ақмола облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша облыстық штаб анықтайды. Кіріп шығуға рұқсатты департамент береді», - дейді Айнагүл Мусина.

Бұдан бөлек, ол үй маңындағы дүкендер мен дәріханаларды санамағанда барлық сауда орындары жұмысын тоқтатынын атап өтті.

«Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары тауарларды ораулы түрінде ғана жеткізіп беретін болады. Аудан және қала әкімдері аталмыш елді-мекендер аумағында дезинфекциялық шараларды күшейтулері қажет», - деп толықтырды Айнагүл Мусина.

Сонымен қатар, департамент басшысы Егіндікөл ауданы тұрғынының коронавирусқа күдікпен Астрахан аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылғандығы туралы ақпараттың барын айтты.



Соңғы жаңалықтар