+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақмола облысындағы нысандар қалай жұмыс істейді – Жаңа Қаулы

2021 жылғы 31 шілде 17:58
Бөлісіңіз:
Ақмола облысындағы нысандар қалай жұмыс істейді – Жаңа Қаулы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында карантиндік шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды 4 672 науқас коронавирустан жазылып шықты Тағы 3 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырды

Жаңа құжатта қоғамдық тамақтану орындарында, үйде және ашық ауада банкет, мерейтой, үйлену той, ас беру секілді көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Саябақтарға, алаңдарға және өзге де демалыс орындарында бір топта 3 адамнан артық болмауы қажет, бұл ретте бір отбасы мүшелеріне бірге жүруге рұқсат берілген.

Сонымен бірге, жаңа құжатта жұмыс істеуге рұқсат берілетін нысандар тізімі көрсетілген.

- Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, мұнда бала саны 25-тен аспауы керек;

- Қала маңына жүретін жолаушылар пойызы, электр пойызы;

- Толымдығы 30 пайыздан аспайтын балаларды сауықтыру ұйымдары;

- Онлайн өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда оффлайн отырыстар мен кеңестер;

- Діни нысандарда (мешіт, собор, шіркеу, синагог) бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөліп, ғимарат жанындағы қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын тоқтатқан жағдайда жұмыс істей алады. Сондай-ақ, сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылуы тиіс. Ашық ауада ұжымдық діни іс-шаралар, оның ішінде жұма намазы, күнделікті православие дұғалары және басқаларына рұқсат беріледі.

- Гүлдер дүкені, фотосалон, кітапхана, музей қызметтері;

- Сауда бутиктерінде, базарларда әлеуметтік қашықтық сақталып, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлініп, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтатқан жағдайда;

- Супермаркет пен гипермаркеттер жұмыс режимін сағат 24:00-ге дейін шектей отырып, келушілерді 30 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлген жағдайда;

- Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орталықтары коронавирусқа қарсы вакциналау пункттері орналасқанына қарамастан, сенбі, жексенді және мереке күндері жұмысын тоқтатады, келушілер санын 30 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлуі қажет.

- Дәмхана, мейрамхана типі бойынша дүкендердегі барлар, жазғы алаңдар, стрит-фуд және қоғамдық тамақтану орындары көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ұжымдық шараларды өткізбей, үстел арасында 2 метр қашықтық сақтап, толымдығын 50 пайыздан асырмай, сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылған жағдайда таңғы 7:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сағат 18:00-ден таңғы 7:00-ге дейін жеткізу қызметі ғана қолжетімді.

- Сауда орталықтарындағы фудкорт қызметі таңғы 10:00-ден 18:00-ге дейін тек жеткізу мен алып кету қызметін ғана жүргізе алады. Сенбі, жексенді және мереке күндері жұмысын тоқтатады.

- Асхана типі бойынша алкоголь өнімдері сатылмайтын тамақтану нысандары көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ұжымдық шараларды өткізбей, , толымдығын 50 пайыздан асырмай, сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылған жағдайда таңғы 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады;

- Сұлулық салондары, шаштараз, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық мекемелер санитарлық нормаларға сай келетін актісі болса, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөліп, креслолар арасында 2 метр қашықтық сақтай алса, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;

- Балалар кабинеттері, түзету орталықтары, балалар мен ересектердің білім орталықтары сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтата отырып, алдын ала жазылу бойынша бір топта 15 адамнан асырмай жұмыс істейді;

- Медицина орталықтары, стоматология клиникалары және дәріханалар да қызметін жалғастырады;

- Фитнес, йога орталықтары, жаттығу залдары мен спорт-сауықтыру орталықтары сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтата отырып, жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша келушілер санын 50 пайыздан асырмай, бір адамға 5 шаршы метр аумақ бөлген жағдайда жұмысын жалғастырмақ;

- Қоғамдық монша қызметі толымдығын 50 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр орын бөліп және жуыну уақытын 60 минутқа шектеу арқылы жұмыс істейді. Бұл ретте моншадағы демалыс бөлмесі мен ас ішетін орындары жабық болады;

- Сауналар мен СПА орталықтары, бассейндер толымдығын 50 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр орын бөліп және сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтату арқылы жұмыс күндері сағат 20:00-гей дейін ашық болады;

- Туризм нысандары, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар да жұмыс істейді және олардың толымдығы 80 пайыздан аспауы керек;

- Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен ұлттық компаниялар, кәсіпкерлік субьектілерінің жұмысына да рұсқат беріледі. Штаттық кестеде 20-дан астам адам болса, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі қажет. Коронавирусқа қарсы вакцина алған және соңғы үш айда ауырып шыққан қызметкерлерге кеңседе жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

- Үздіксіз өндірістік циклы бар өнеркәсіп орындарына, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмысына рұқсат беріледі;

- Көлік салонында 2 клиенттен артық келуге болмайды, техникалық қызмет көрсету салонында 3 клиент қана тұра алады;

- Спортшылар мен жаттықтырушылар коронавиурсқа қарсы толық вакцина курсын алған жағдайда облыстық команданы дайындау үшін оқу-жаттығуларын қайта жандандыруға рұқсат беріледі;

- Бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, есепші, консалтинг, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары жұмысына бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлген жағдайда рұқсат беріледі;

- Туристік компаниялар, ломбард, айырбастау бекеттері, букмекер кеңселері де жұмыс істей алады;

- «Қазпошта» АҚ мүмкіндігінше онлайн форматта және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істеуі қажет;

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО, 1414 қоңырау орталығы және виртуалды ассистенттер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады;

Бұған дейін Ақмола облысында Қаулы бойынша жұмысы уақытша тоқталыған нысандар тізімі жарияланған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT