+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Ақмола облысындағы науқастар қауіпті індетті қайдан жұқтырды

2020 жылғы 1 сәуір 18:40
Бөлісіңіз:
Ақмола облысындағы науқастар қауіпті індетті қайдан жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина коронавирус инфекциясын жұқтырған тұрғындар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысында вирус жұқтырған науқастар саны 16-ға жетті.

Соңғы анықталған 5 науқастың төртеуі бұрын коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған, 1 адам Көкшетау қаласынан табылды.

Екі науқас 1984 жылы туған әйел мен 2017 жылғы сәби - Қоянды ауылының тұрғындары. Олар 1979 жылы туған Қоянды ауылының тұрғынынан вирус жұқтырған. Ер адам елордада коронавирус инфекциясы зертханалық түрде расталған адаммен жұмыс бабымен байланыста болған.

1962 жылы туған әйел мен 2011 жылғы жасөспірім Қосшы ауылында тұрады. Олар Нұр-Сұлтан қаласынан келген туыс әйелмен кездескен. Бұл әйелден 26 наурызда коронавирус инфекциясы табылды. Ал 28 наурызда осы оқиға бойынша 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Көпбейінді облыстық аурухана жанындағы емхананың санитарлық қызметкері - 1962 жылы туған Көкшетау тұрғыны жұмыс барысында дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен терапевтке қаралған. Әйелге сол сәтте COVID-19 тесті жүргізілді және инфекцияның бары расталды. Онымен байланыста болған тұлғалар анықталып жатыр. Әзірге 35 медициналық қызметкер, 4 отбасы мүшесі карантиндік стационарға жатқызылды. Көпбейінді облыстық ауруханада карантин жарияланып, эпидемиялық тексеру жүріп жатыр.

Пациенттер бүгін Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің инфекция бөліміне жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Қазіргі уақытта облыста 174 пациент ауруханада жатыр. 13 адам - Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, 2 адам - Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығында, 94 пациент - провизорлық орында, 65 адам - карантиндік стационарда жатыр. Одан бөлек, 362 адам үй карантиніне оқшауланған.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT