Ақмола облысындағы құс фабрикасында жұмысшы мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жүк көтергіш көлігінің жүргізушісі жұмысшыны басып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға тамыздың 4-де болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмыс үстінде «JCBAKD-704S» жүк көтергіш көлігінің жүргізушісі 40 жастағы жұмысшыны басып кетті, ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп айтты ведомстводан.

Қазіргі кезде, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жұмысшының өліміне байланысты ҚР ҚК 156 бабы (еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тергеу шаралары шеңберінде сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар