Ақмола облысындағы көлдер қалай тазартылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әсем табиғатымен әйгілі және сауықтыру көзі саналады. Өңірдің табиғи байлығын сақтау үшін бүгінде экологиялық мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Өңірдегі су қоймаларын тазарту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр.

Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлін қоспағанда, Көкшетаудағы Қопа көлі қала тұрғындары үшін демалыс және шомылу орны болып табалды.

Жергілікті экологтардың пікірінше, Қопа көлінің су деңгейіне ерекше назар аудару керек. Бұл оны тазартудың жалғыз жолы.

«Қазіргі уақытта облыстық экология департаменті аймақтағы көлдердің ластануының алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Мониторинг, су сапасын тексеру, химиялық сараптама міндеттер тізіміне кіреді», - деп атап өтті облыстық ведомствоның бас маманы Мария Дербасова.

Мамандардың айтуынша, Қопа көлін тазарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 90,6 миллион теңге бөлінген.

Бүгінгі таңда Қопа көлін тазарту жұмыстары 90 пайызға аяқталды.

Туған өлкенің су ресурстарын қорғау жөніндегі іс-шараларға немқұрайлы емес тұрғындар да қосылды.

Ерейментау ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, биыл Айдана Қадыр мен Ботагөз Жүсіпова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің грантын жеңіп алды, оның аясында олар еріктілермен бірге туристер арасында өте танымал қызғылт Көбейтұз көлінің аумағын абаттандырды.

Өткізілген іс-шаралардың арқасында учаскеде урналар орнатылып, көл туралы мәліметтер және оған қамқорлық жасау қажеттілігі туралы ақпарат парақшалары пайда болды.

Жергілікті әкімдіктен атап өткендей, белсенділер алдағы уақытта да сапалы қызмет көрсетуге ниетті.


Соңғы жаңалықтар