Ақмола облысындағы қатты желден сусыз қалған ауылға ауызсу берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қатты желден су жинау мұнарасы құлап қалған Біржан сал ауданының Макинка ауылына су беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Біржан сал аудандық коммуналдық кәсіпорнының күшімен су құбырына тікелей жер асты су сорғысын қосу мүмкін болған. Осы арқылы ауылға ауызсу беріледі бастады.

«Жергілікті коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының ширақ қимылының арқасында қысқа уақыттың ішінде су құбырына тікелей жер асты су сорғысын қосу мүмкін болды. Қазіргі кезде ауылға су беру жұмыстары қалпына келтірілді», - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын Макинка ауылында қатты жел су жинау мұнарасын құлатқан еді. Соның салдарынан 1,7 мыңға жуық тұрғын ауызсусыз қалды. Тұрғындарға тіршілік көзі тасымалданып жеткізілді.

Айталық, осы күні Макинка ауылында тұрғындардың жеке аулаларында 50-ден астам ұңғыма, 50-ден астам құдық және ортақ пайдаланудағы екі құдық бар.


Соңғы жаңалықтар