Ақмола облысындағы 125 елді мекен су басу қауіпі бар аумақта орналасқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемгі су тасқыны зардабын жою кезіндегі іс-қимылды және азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығын анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға Ақмола облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов, жергілікті атқарушы органдар, ҚР ІІМ ТЖК өңірлік бөлімшелері және азаматтық қорғаныс құрылымдары тартылды.

Шарада арнайы-тактикалық жаттығу жұмыстары барысында көктем айларында орын алатын су тасқыны тәрізді төтенше жағдайларды жою кезінде басқарма органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы тексеріліп, алгоритмі пысықталды. Бұл биылғы «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығуының алғашқысы.

«Облыста Целиногорад, Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Сандықтау аудандары қауіпті өңірлер саналады. Бұл аудандарда қардың мөлшері көпжылдық нормадан жоғары. Бүгін Ақмола облысы аумағында су тасқынын апатсыз өткізуге дайындық және «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығуы шеңберінде Көкшетау қаласында облыстық және қалалық деңгейдегі жедел әрекет ету отрядтарының жиыны ұйымдастырылды. Облыста су басу қауіпі бар аумақта орналасқан 125 елді-мекен бар. Өткен жылы биылғы көктемдегі су тасқынының алдын алу мақсатында 54 елді-мекенде инженерлік қорғаныс шаралары қолға алынды. 2 445 адам мен 1090 арнайы техника, 229 мотопомп, 60 жүзу құралы әзірленді, оның ішінде ҚР ІІМ Ақмола облысына уақытша орналастырылатын бөлімшелері бар. Бұдан бөлек, ТЖК еліміздің өзге өңірлерінен қосымша құтқарушыларды тарту мәселесі қарастырылып отыр», - деді Алексей Советов.


Соңғы жаңалықтар