Ақмола облысында жолда қалған 49 адам құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде жолда қалған 49 адам құтқарылды, оның 6-ы бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақпанның 27-де түнгі сағат 02:39 «Жақсы-Державинск» тас жолында Жақсы ауылы маңында қар құрсауында қалған 4 автокөліктен 5 адам құтқарылды, оның 2-і бала, ал, сағат 08:28 Подгорное ауылы маңында 12 адам құтқарылды. Сағат 12:00 «Ключи-Бозайғыр» тас жолында Ключи ауылы маңында қар құрауында қалған автокөліктен 5 адам құтқарылды. Сағат 13:00 «Екатеринбор-Алматы» тас жолында Жалтыр ауылы маңында блок бекеттен 7 адам (оның 2-і бала) эвакуацияланып, Жалтыр ауылы №2 орта мектепке орналастырылды. Сағат 18:07 осы жолдың бойында 3 адам (оның 2-і бала) құтқарылды. Олардың барлығы Астрахан аудандық ауруханасына жайғастырылды. Сағат 14:25 Жалтыркөл ауылы маңында қар құрсауында қалған 15 жеңіл автокөлікте болған 27 адам құтқарылды», - дейді ведомстводан.

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары қызметінің мәліметі бойынша құтқару жұмыстары «Нұр-Сұлтан-Щучье» тас жолының бойында да жүргізілген.

«Сағат 18:00 республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан-Щучье» тас жолындағы блок бекетте 15 жеңіл автокөліктің кептелісі орын алды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен 33 адам эвакуацияланып, жылыту орындарына орналастырылды», - дейді ТЖ департаменті.


Соңғы жаңалықтар