+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Ақмола облысында жол бойында тұрған көлікті жүк көлігі соғып, бір адам мерт болды

2020 жылғы 19 қыркүйек 11:00
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жол бойында тұрған көлікті жүк көлігі соғып, бір адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол бойында тұрған жеңіл көлікті жүк көлігі қағып кетті. Оқиғаның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда қала тұрғыны емханаға граната әкеліп, дәрігерлерді қорқытты Іздеу салынған 20 жастағы қостанайлықты полицейлер екі аптадан соң тапты Алматы тауында жарақаттанған қыз құтқарылды

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 15-де Аршалы ауданының Ишевск ауылында болған.

«Апат орнына келген жедел-тергеу тобы «Екатеринбор-Алматы» тас жолының бойында 35 жастағы ер адам тізгіндеген «Howo» көлігі жол бойында тұрған «Renault Trafik» көлігін соққанын анықтады. Осының салдарынан «Renault Trafik» көлігінің 44 жастағы жүргізуші ауруханада көз жұмды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күдіктіге шақырғанда келу міндеті процессуалдық шарасы қолданылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT