Ақмола облысында жол апатынан 10 адам зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Екатеринбор-Алматы» тас жолында болған жол апатынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 6 желтоқсанда сағат 17:05-те Аршалы ауданы Шөптікөл стансасының жанында «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1 318-ші шақырымында орын алған.

«Қарағандының 40 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Highlander автокөлігі жол жиегінде тұрған Kia Rio көлігін соқты. Жеңіл көліктің жүргізушісі Нұр-сұлтан қаласының 44 жастағы тұрғыны. Соқыдан жеңіл көлік орнынан сырғып, жол жиегінде тұрған Toyota RAV4 көлігіне соқтылды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықовтың айтуынша, ЖКО салдарынан барлығы 10 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар.

«Балалар стационарда жатыр, олардың жағдайы бірқалыпты. Зардап шеккен 19 жастағы қыздың жағдайы өте ауыр», - деді Н.Сыздықов.

Полиция хабарлағандай, осы оқиғаға байланысты Қылмыстың кодекстің 345-і бабы 2-ші бөлігі «абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, тиісті сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар