Ақмола облысында жоғалған 80 жылқы табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жоғалған 80 жылқы табылып, иесіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Баратай ауылының 56 жастағы тұрғыны хабарласып, 10 күн бұрын жайлымда жүрген 80 жылқысының жоғалғанын айтқан.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы «мал ұрлығы» бойынша іс қозғалды. Іздестіру жұмыстарына 5 салт атты және жеке көліктерімен 15 адам жұмылдырылды. Нәтижесінде криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен Зеренді ауданының ПБ учаскелік инспекторлары Баратай ауылынан 25 шақырымдағы орман алқабынан жоғалған бір үйір жылқыны тапты», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары тұрғындарға малды қараусыз қалдырмауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар