Ақмола облысында жеті адам карантин аумағынан заңсыз өтпек болған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында жеті адамға (бес ер және екі әйел адам) қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандар елорданың карантин аумағынан ауыл арасындағы қара жолмен жаяу өтпек болған.

«Төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін олар ҚР ӘҚбК 476 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Ер адамдар 10 тәулікке қамалса, бір әйелдің жүктілігі және екіншісінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының бары ескеріліп, айыппұл салу және ескерту жазасы тағайындалды», - дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар