+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді

2021 жылғы 14 маусым 12:17
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің қысқа жинаған 10 тонна шөбін өрттеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада ер адам өзі жалдаған пәтердегі теледидарларды ломбардқа өткізіп жіберген Елордада жоғалған балалар табылды ШҚО-да үш күн ішінде мал ұрлығына қатысты 11 қылмыс ашылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 12-де Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 60 жастағы әйел хабарласып, ауыл тұрғындарының бірі, шөбін өртеп жібергенін айтқан.

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері зардап шеккен әйелдің көршісі мас күйінде оның үй ауласында үйілген 10 тонна шөбін өртеп жібергенін анықтады. Күдікті 20 жастағы әйелдің айтуынша, жәбірленуші мен оның үйлерінің арасындағы жер учаскесіне (өртенген шөп үйілген жер) қатысты дау туындаған. Осыған байланысты ол көршісінің 10 тонна шөбін өртеп жіберген», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 202 бабының 2-ші бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT