Ақмола облысында жеңіл көлік жолдың қоршауына соғылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «Екатеринбор-Алматы» тасжолының Ақмола облысы аумағы арқылы өтетін тұсында жеңіл көлік жолдың шетіндегі қоршауға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 23 қыркүйек сағат 14:20 шамасында «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 1080-шақырымында болған.

«Анықталғандай, «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетіндегі қоршауға соғылды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚбК 620-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, аталмыш жол апаты туралы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Онда жолдың шетіндегі қоршаудың көлікке шаншылып қалғанын көруге болады.




Соңғы жаңалықтар