+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды

2021 жылғы 20 қазан 13:14
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Перуде шағын автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты Жұмыс берушісінің малын сатып келген Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 19-да Ерейментау аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз түскен. Ер адамның сөзінше, оның 16 жастағы ұлын ер адам пышақпен қорқытқан.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын Қылмыстық кодекстің 99-шы бабының 1-бөлігі, 293-ші бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған жергілікті тұрғын, 60 жастағы ер адам анықталды. Тексеру кезінде күдіктіден пышақ тәркіленді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 293-ші бабының 3-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT