Ақмола облысында жанып жатқан пәтерден зейнеткер құтқарылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Шортанды ауданында жанып жатқан пәтерден 60 жастағы зейнеткер құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт биылғы жылғы қазанның 11-де түнгі уақыт 01:16 шамасында Шортанды ауданының Научный кентіндегі Бараев көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты, 8 пәтерлі тұрғын үйден шыққан.

«Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шықты. Қызыл жалын 30 шаршы метрді аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер жедел сатының көмегімен терезе арқылы пәтердің ішіне еніп, үй иесі 1961 жылғы әйелді құтқарды. Зейнеткер Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Сонымен бірге, бір адам эвакуацияланды», - деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, өрт 01:45 ауыздықталып, 02:00 сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар