Ақмола облысында волонтерлер марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев коронавирус инфекциясымен күресуде «Biz Birgemiz» республикалық акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға көмек көрсеткен белсенді волонтерлерді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саланатты шара барысында аймақ басшысы Е.Маржықпаев «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері облыс бойынша барлығы 11,5 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, маска және әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізгенін атап өтті.

Партия көшбасшысы қазақстандық волонтерлерге алғыс ретінде Алғыс хаттарға өз қолтаңбасын қойған.

«Волонтерлер қозғалысында белсенділік танытқан ақмолалық 27 жас Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Қайырымды іспен айналысатын ақмолалықтардың географиясы үлкен, облыстың барлық аумағын қамтиды» , - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.


Айта кетейік, Ақмола облыс бойынша барлығы 11,5 мыңнан астам отбасыға 170 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Пандемия кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған және өмірде қиын жағдайға тап болған 17225 азамат жалпы сомасы 861 250 000 теңгенің көмегін алды. Сонымен бірге төртінші кезең бойынша 197 500 000 теңгеге 3950 адамға көмек көрсету үшін құжаттары әзірленді.


Соңғы жаңалықтар