Ақмола облысында үш ауысымда оқыту мәселесі біртіндеп шешілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола өңірінде орта білім беру сапасын арттыруға көп көңіл бөлінуде. Үш ауысымды оқытуды жою өзекті мәселелердің бірі саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Целиноград ауданы Қоянды ауылында 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, жаңа білім беру мекемесінде балалар екі ауысымда оқиды. Бірінші ауысымда 904 оқушыдан 40 сынып, екінші ауысымда 392 оқушыдан 18 сынып болады. Білім беру ұйымында екі спорт залы және 600 орындық екі жақты киім шешетін бөлме бар. Мектеп аумағында жасанды жабынды спорт алаңы және екі шағын футбол алаңы бар. Мектепте барлық оқу пәндері бойынша 57 кабинет жұмыс істейді.

Сондай-ақ, үш ауысымда оқыту мәселесін жақсарту мақсатында Көкшетау қаласының №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясына жапсарлана салынған ғимараттың құрылысы аяқталды.

«Мектеп ғимаратына жапсарлана салынған корпуста 22 оқу кабинеті орналасқан. Мұғалімдердің жұмыс орындары интернетке шығатын стационарлық компьютерлермен жабдықталған. 30 ноутбукпен екі мультимедиялық кабинет, қазақ және ағылшын тілдерінің екі мобильді кабинеті, кітапхана, қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталған жаңа спорт залы, душ бөлмесі, гардероб, кең асхана бар», - дейді ведомстводан.


Сонымен қатар, мектеп ауласында футбол алаңы, ойын алаңдары және демалуға арналған шатырлар салынған. Биыл облыста 2,5 мыңнан астам орындық тағы алты мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Целиноград ауданында Қосшы ауылында 1200 орындық, Өтеміс ауылында 120 орындық, Максимовка ауылында 300 орындық және Аршалы ауданында Жібек Жолы, Жалтыркөл ауылдарында 300 орындық, сондай-ақ 392 орындық оқу-тәрбие кешені бар.


Соңғы жаңалықтар