Ақмола облысында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты конкурс өтті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық онлайн (ZOOM платформасында) конкурсы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың ішкі саясат департаментіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара, Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдардағы ономастика бөлімдерінің жұмысын күшейту, сала мамандарының атау беру және қайта атау жұмыстарын жетілдіру және дамытуға ынталандыру, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру және күшейту мақсатында ұйымдастырды.

Конкурсқа аудандар және Көкшетау, Степногорск қалаларының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілдерді дамыту мәселесіне жауапты мамандар, ауылдық округтердің мамандары қатысты.

Қатысушылар 2015-2020 жылдар аралығында ономастика саласында атқарылған жұмыстар (жалпы аудандағы атаулар, қайта аталғаны, атау берілгені, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар, т.с.с), түсіндіру жұмыстары, тарихи атауларды анықтау жұмыстары қамтылған, толық талдау жүргізілген 7 минуттық слайд дайындады. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңынан, ономастика саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерден, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Бұл конкурс биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Дайындалған слайдтар облысымыздағы ономастиканың жай-күйінен хабар береді. Жергілікті мамандар да өздерінің білімдерін сынады. Конкурс барлығымыз үшін өте пайдалы болды», – деді қазылар алқасының төрағасы, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қ.Шақшақов.

Конкурсқа ұсынылған материалдармен танысып, қатысушылардың слайдтары мен жауаптарын талдай келе, қазылар алқасы Көкшетау қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бейсембекова Дина Уақытқызына І орынды, Ақкөл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Түменбаева Айгерім Уақытқызы мен Целиноград ауданының маманы Амангелдиева Ақбота Әсетқызына ІІ орынды берді.

Ал Бурабай, Ерейментау аудандары мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімдерінің мамандары Хамзина Динара Мейірханқызы мен Қанапиянова Аяулым Балтабайқызына ІІІ орынды беру туралы, Біржан сал, Зеренді, Жарқайың аудандарының мамандарын ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Соңғы жаңалықтар