Ақмола облысында учаскелік полиция қызметкерлері пәтер алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Ақмола облысының Астрахан аудандық ІІБ учаскелік полиция қызметкерлеріне екі пәтер мен үш автокөлік тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, салтанатты шараға аудан әкімі Талғат Ерсейітов, аудан активі және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
null

Аудан әкімі салтанатты түрде Николаевский селолық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Еркін Абдуллин жəне Қызылжар селолық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Сəлімжан Ержановқа қызметтік пәтердің кілтін тапсырды.

Сонымен қатар, селолық округтерге қызмет көрсететін учаскелік инспекторлар Мирас Қасенов, Еркін Абдуллин және Мұрат Қошқарбаевқа үш «Нива» автокөлігі тапсырылды.
null

Осы күні полицияда 25 жылдан астам уақыт қызмет істеген құқық қорғау органдарының 8 қызметкері зейнетке шығарылса, 11 ардагер «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар