+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Ақмола облысында тұрғын үйлердің заңсыз берілгені анықталды

2021 жылғы 1 қыркүйек 17:59
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында тұрғын үйлердің заңсыз берілгені анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер бөлу кезінде заң бұзушылықтарға жол беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Көкшетауда коронавируспен ауырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде

Ведомствоның мәліметінше, прокурорлық тексеріс облыстың барлық аудандарын қамтыды. Көкшетау қаласында бюджеттік ұйымның қызметкері 2017 жылы мемлекеттен алған пәтерді үшінші тұлғаларға жалға беретіндігі анықталды.

«Көкшетау қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған тұлға пәтерден көшіріліп, пәтер көп балалы отбасына берілді. Астрахан ауданында 2017 жылы бюджеттік ұйымның қызметкеріне мемлекет қорынан пәтер ұсынылған болатын. 2020 жылы қызметкер өз атына бұдан басқа пәтерді мұра ретінде қабылдағаны анықталды. Бүгінгі таңда мемлекет қорындағы пәтер 11 жыл кезекте тұрған жетім балаға берілді», - деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, тексеру қорытындысы бойынша мемлекетке 20 пәтер қайтарылды.

«Жақын арада пәтерлер қайта бөлінеді және бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT