Ақмола облысында «Тәуелсіздік жастары» аллеясы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Тәуелсіздік жастары» аллеясы ашылды. Өңір жастарының ұйымдастыруымен өткен шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы «Болашақ сарайы» ауласында ашылған жаңа аллеяда тәуелсіздік құрдастары және жастар ұйымдарының көшбасшылары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап, 30 ағаш отырғызды. Болашақта бұл ағаштар тәуелсіз жастарымызбен бірге көркейіп, жайқалып, өсе бермекші.

Сонымен бірге Жастар аллеясында QR-коды бар тақтайша орнатылды. Оны сканерлеу арқылы облысымыздағы жастарды қолдау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды және жаңа жобаларды көруге болады.

«Бұл аллея Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына жастардың атынан қала жұртшылығына арналған сый ретінде ұсынылды. Біз жастардың ұсынысын жерге тастамай іс-шараны ұйымдастыруды қолға алдық. Сонымен қатар, жастар өзі отырғызған әрбір ағашын естеріне сақтап, болашақта өз ұрпақтарына мақтан етіп, көрсете алады. Осы аллея келешекте қаламыздың ішіндегі таза ауаны сақтауға да өз үлесін қосады деген ойдамын», - дейді Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева.


Соңғы жаңалықтар