Ақмола облысында тағы бір ғимараттың шатырын жел жұлып әкетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында боран мен екпінді жел Жарқайың ауданындағы Костычев ауылдық мәдениет үйінің шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, ақпанның 18 күні сағат 18:20-да Жарқайың ауданындағы Костычево ауылында қатты желдің әсерінен ауылдық мәдениет үйі ғимаратының шатыры бүлінді. Ғимарат 1976 жылы тұрғызылған, 2019 жылы шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бүгін қатты жел Жақсы аудандық мәдениет үйінің шатырын жұлып түсірген болатын.


Соңғы жаңалықтар