Ақмола облысында су басқан үйлер жоқ - ТЖК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Ақмола облысында су басқан үйлер жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысында су басқан елді мекендер жоқ және бұл өңірде үйлерге су кіру деректері де тіркелмеді», - деді ол.

Осы ретте комитет төрағасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, оның Ақмола облысында орын алмағандығын айтты,

«Интернеттен көргендеріңіз Павлодар облысының Екібастұз қаласында болған. Ол су тасқыны салдарынан орын алған жайт емес, жерасты суының шығуынан орын алған мәселе. Меніңше, жергілікті жерде мән-жайды анықтайтын болады», - деді Владимир Беккер.


Соңғы жаңалықтар