Ақмола облысында сотталғандар ағаш пен темірден түрлі бұйымдар жасауда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сотталғандар ағаш және темірден түрлі бұйымдар шығаруда, оның ішінде киім-кешекке арналған себеттер, үстел ойындары және жылыжай тіректері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

«Еңбек - Көкшетау» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлескен жұмыс нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде ағаштан және металдан бұйымдар жасайтын «Сахиев» жеке кәсіпкерлігінің жаңа өндіріс цехы ашылды. Онда он сотталған адам жұмыс істеуде. Алдағы уақытта тапсырыс көбейіп жатса, тағы қосымша жұмыс орындарын ашатын боламыз», - дейді жұмыс беруші.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, сотталғандардың жұмыспен қамтылуы - бұл зейнетақыны есептеу кезінде қажет еңбек өтілі. Сотталғандардың еңбекақысынан талап арыздарын өтеуге, сот үкімі бойынша тағайындалған алимент пен айыппұл төлеуге ақша қаражаттар ұсталынады.

«Жазғы кезеңде мангалдар, жылыжайларға арналған тіректер, қоршаулар, дуалдар, түрлі сәндік бұйымдар жасауға тапсырыстар түсуде. Оны уақтылы жасауға тырысудамыз. Табысымыз жаман емес, еңбекақы шығарылған өнім көлеміне байланысты. Ақшаны талап арыздарды өтеуге және үйге де жіберуге мүмкіндік бар«, - дейді жазасын өтеуші Жаслан.

Соңғы жаңалықтар