Ақмола облысында республикалық маңыздағы бірқатар жол ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ауа райының жақсаруына байланысты Ақмола облысында республикалық маңыздағы бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күннің ашылуына байланысты қаңтардың 30-да сағат 01:15-тен бастап, «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (16-180 км, Нұр-Сұлтан қаласы - Қорғалжын қорығы аралығы) жолы, сағат 08:00-ден бастап «Екатеринбор - Алматы» (1291-1426 км, Нұр-Сұлтан қаласы - Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық) жолы, сағат 01:15-тен бастап, «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (16-180 км, Нұр-Сұлтан қаласы - Қорғалжын қорығы аралығы) жолы, сағат 02:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр – Киевка -Теміртау» (32-51 км, Қабанбай батыр ауылы-Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық) жолы, сағат 08:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» (18-231 км, Нұр-Сұлтан - Щучье қалалары аралығы) жолы көліктің барлық түрі үшін ашылды», - деді Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар